Велотрек туралы

Велошабандоздың дулығасына ұқсас «Сарыарқа» республикалық велотрегі сәулеті бойынша Қазақстанның бірегей әрі әлемнің ең үздік кешендердің бірі болып танылды.

Спорттық кешеннің құрылысы 2011 жылы аяқталды. Бүгінде ол Астана қаласындағы Есіл өзенінің сол жақ жағалауында орналасқан.

Спорттық кешенге екі объект кіреді: велотрек және мұз айдыны. Велотректің жалпы ауданы – 44 957 шаршы метр, мұз айдыны – 4188 шаршы метр.

«Сарыарқа» республикалық велотрегіне кіреді:

  • трек;

  • мұз айдыны;

  • фитнес (жаттығу залы, 2 бассейн және 3 сауна);

  • жекпе-жек залы;

  • гимнастика және ойын залы;

  • қонақ үй және мейрамхана кешені;

  • конференц залы;

  • мини-футбол алаңдары;

  • кеңсе бөлмелері.

«Сарыарқа» велотрегінің техникалық жарықтандырылуы барлық әлемдік стандарттарға сәйкес келеді. Қазіргі таңда ғимарат іс-шараларды кез-келген деңгейде өткізуге мүмкіндік береді. Аренада халықаралық және республикалық маңызы бар іс-шаралар тұрақты түрде өтеді.

Ғимараттың әмбебаптылығы соншалық, трек аренасы бокс рингіне, дзюдоға арналған татами, гимнастикалық кілем, баскетбол, волейбол немесе концерттік алаңдар бірден өзгеріп шығады.

Велотректің бір ерекшілігі – трек. Оның жабыны сібір балқарағайы ағашынан жасалған. Осыған орай ағаштардың деформациялауынан қорғау үшін екі жыл бойы арнайы камераларда сақталып, химиялық қоспамен өңделді. Жабынның ұзындығы 250 метр, ені 7 м, ал бұрылысы 42 градус, тік учаскелері 12,5 градус. Тректегі қозғалыс сағат тіліне қарсы бағытта жүреді. Сыйымдылығы 9 195 орындық.

Спорттық кешенде велоспорт пен таеквондодан, мәнерлеп сырғанау мен мини-футболдан, жүзуден функционалдық жаттығу секциялары жүргізіледі.