Тректегі велоспорттан Азия Кубогі

13.09.2019

2019 жылдың 7-12 қыркүйек аралығында Нью-Делиде (Үндістан) тректегі велоспорттан Азия Кубогі сайысы өтті. Сайыс қорытындысы бойынша Орталық спортшылары үздік нәтижелерге қол жеткізді.

Скретч бәсекесі бойынша юниор қыздар арасында Өсім Ақпейіл топ жарса, Титовская Кристина қола жүлдегер атанды. Командалық спринте қос спортшымыз екінші орынға ие болды. Ерлер арасындағы командалық спринт бойынша Голов Виктор, Рудер Богдан, Сиазбеков Темирхан пьедесталдың екінші сатысына көтерілді. Юниорлар арасындағы командалық спринтте де Сафаров Александр, Жаилганов Арланбек, Касимов Данияр екінші орын иегерлері атанды.

Жарыстың келесі күнінде Қазақстан қоржыны тағы да екі жүлдемен толықты. Гит бәсекесі бойынша (500 м) Хамзина Эльвира күміс жүлдегер атанды. Аталған бәсеке бойынша юниор қыздар арасында Титовская Кристина қоладан медаль тақты.

4 шақырымға жеке із кесу бойынша элита санаты бойынша Потапенко Дмитрий 3 орын алды. Ұпай бойынша сайыста Елубаев Руслан қола жүлдегер атанды. Ал юниорлар арасында спринт бәсекесі бойынша Сафаров Александр 3 орын алды.

Скретч бойынша (15 км) Бурнашев Денис 2 орынға ие болса, Бекенов Александр үздік үштікті қорытындылады.

Кейрин бойынша Жайлғанов Арланбек күміс жүлдегер атанса, Сафаров Александр пьедесталдың үшінші сатысына көтерілді.

Омниум бойынша элиталар категориясы бойыншаБекенов Александр 3-орын иегері атанса, Султанова Рината 2 орынға ие болды.

Спортшыларымызды жүлделерімен құттықтай отырып, жаңа жеңістер тілейміз!

Бөлісу: