19 СӘУІР – ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ВЕЛОСИПЕД КҮНІ!

19.04.2025

Бұл күн — қос дөңгелекті көлікті басқарып, самал желмен жарысып, еркіндікті сезінетін жандар үшін нағыз мейрам!

Велосипед — жай ғана көлік емес. Бұл — денсаулыққа, экологияға және көңіл-күйге оң әсерін тигізетін құрал. Ол әлемді тыныш, таза әрі жарқын етеді.

Велоспортқа енді қадам басқан және кәсіби спортшыларды атаулы датамен шын жүректен құттықтаймыз! Дөңгелектеріңіз жеңіл айналсын, жолдарыңыз тегіс болсын, ал ауа райы әрқашан сіздер үшін қолайлы болсын!

Бөлісу: