ҰЛЫ ЖЕҢІСКЕ 80 ЖЫЛ!

08.05.2025

Бүгін – баршамыз үшін маңызды күн, Ұлы Жеңіске 80 жыл толып отыр! Бұл күн – бейбітшілік, еркіндік пен өмір үшін күрескен жандарды еске алып, бас иетін күн.

Біз майдангерлерге, тылда еңбек еткендерге және Жеңіс сыйлаған барша азаматтарға алғысымызды білдіреміз! Олар біз үшін, болашақ үшін ауыр күндерді – аштықты, қорқынышты, қиындықты бастан өткерді. Батырларымыздың ерлігі — нағыз күштің, батырлықтың және Отанға деген шынайы сүйіспеншіліктің үлгісі. Бұл ерлік жүрегімізде мәңгі сақталады.

Елімізде әрқашан бейбітшілік болсын, әр отбасыдан — шаттық, тыныштық пен жылылық кетпесін! Жеңіс күні құтты болсын!

Бөлісу: