САУД АРАБИЯДА ТАС ЖОЛ ВЕЛОСПОРТТАН АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

05.02.2026

САУД АРАБИЯДА ТАС ЖОЛ ВЕЛОСПОРТТАН АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

2026 жылғы 5–13 ақпан аралығында Сауд Арабиясы Корольдігінің Эль-Касим қаласында шоссейлік велоспорттан Азия чемпионаты өтеді.

Аталған халықаралық жарысқа «Астана» Олимпиадалық даярлау орталығы спортшылары қатысуда. Қазақстан Республикасының намысын чемпионатта 12 велошабандоздан құралған команда қорғайды.

Команда құрамындағы спортшылар:

  1. Новиков Глеб
  2. Валиев Альмир
  3. Күйтенов Мұрат
  4. Третьяков Данил
  5. Ташбай Анель
  6. Қабдулова Аружан
  7. Ивановская Ирина
  8. Проскурина Анна
  9. Елькина Мария
  10. Буренкова Ангелина
  11. Склярова Елизавета
  12. Казакова Виолетта

Спортшылардың оқу-жаттығу процесін аға жаттықтырушы Вадим Горбочевский және жаттықтырушы Тимур Харисов ұйымдастырады. Команданың техникалық дайындығына механиктер Денис Тупченко мен Александр Стрелецкий жауапты.

Қазақстан құрамасына жарыс жолында сәттілік тілейміз және жоғары нәтижелерге қол жеткізеді деп сенеміз.

Бөлісу: