ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАДАН ҚР ЧЕМПИОНАТЫ, ЕЛ БІРІНШІЛІГІ

07.02.2025

8-9 ақпанда «Qazaqstan» жеңіл атлетикалық спорт кешенінде 35 жастан асқан спортшылар арасында жеңіл атлетикадан Қазақстан Республикасының кезекті қысқы чемпионаты және 18-34 жас аралығындағы әуесқойлар арасында ел біріншілігі өтеді.

Дүбірлі додаға 18 бен 75 жас аралығындағы Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналған 350-ден астам спортшы қатысып, бақ сынасады.

Сайыстар бағдарламасында 60 метрден 3000 метрге дейінгі жүгіру түрлері, 3000 м спорттық жүріс, сондай-ақ ядро лақтыру, ұзындыққа, биіктікке секіру, үш рет айналып секіру сияқты техникалық түрлер қарастырылған. Сонымен қатар, 4х200 м, 4х400 м, 4х200 м mix эстафеталары өтеді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Masters Athletics қазақстандық федерациясының символикасы және жарыс орны, күніннің гравировкасы бар диплом-медальдармен марапатталады. Айтулы оқиғаны өткізіп алмаңыз!

Бөлісу: