АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНАН ТАҒЫ БІР ҚОЛА ЖҮЛДЕ!

25.02.2025

Малайзияда велотрек бойынша Азия чемпионаты жалғасын табуда. Қазақстандық спортшылар жарыста үздік нәтиже көрсетіп, ел қоржынын медальдармен толықтырып, қуантып жатыр. Бүгін 1000 м гит жарысында Курдиди Кирилл мықтылығын көрсетіп, 3 орынды қанжығасына байлады. Бұл жетістік спортшы мен тәжірибелі жаттықтырушы Сиваш Иванның тынымсыз еңбегі және дайындығының жемісі деуге болады.

Курдиди Кириллды лайықты жетістігімен құттықтаймыз және оған халықаралық аренада жаңа жеңістер тілейміз! Осы табыс үлкен белестерге жетудегі алғашқы қадам болсын!

Күн санап Қазақстанның велоспорты мықтырақ бола түсуде, біз өз спортшыларымызбен мақтанамыз!

Бөлісу: