ЕСКЕКШІЛЕР ДЕНСАУЛЫҚТАРЫН НЫҒАЙТУДА

09.01.2025

Қазіргі уақытта «Астана» олимпиадалық даярлау орталығы байдарка мен каноэде есу бөлімінің спортшылары жай-күйлерін тексеру бойынша оқу-жаттығу жиынына қатысуда. Тексеру жұмыстары Алматы қаласында орналасқан Ұлттық спорттық медицина және оңалту орталығында өтіп жатыр. Іссапарға 17 спортшы мен жаттықтырушы жіберілді. Бұл күндері ескекшілердің денсаулықтарына аса қатты назар аударылып, толықтай жай-күйлері тексеріледі. Аталған жиын спортшылардың алдағы халықаралық сайыстарға дайындығын арттырып, биік мінбелерден көрінулеріне септігін тигізері анық.

Бөлісу: