Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындық жүріп жатыр

23.07.2024

8-13 қыркүйек аралығында Астанада 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді. Оған әлемнің 89 елінен 2 мыңнан астам адам қатысады деп жоспарланып отыр. Жарыс спорттың 21 түрі бойынша өткізіледі, олар: ат жарысы, ұлттық күрес түрлері, дәстүрлі зияткерлік ойындар, жекпе-жек түрлері бойынша жарыстар, садақ ату және құстармен аң аулаудың ұлттық түрлері.

Сонымен қатар, Астанада «Көшпенділер әлемі» этноауылы ашылады, онда әрбір келуші қазақ халқының мәдениеті мен дәстүрлерімен, сондай-ақ қатысушы елдердің өзіндік мәдениетімен таныса алады. Күн сайын этноауылға елорданың 10 мыңнан астам тұрғыны мен қонағы келе алады.

«Qazaqstan» жеңіл атлетикалық спорт кешені де Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына тартылатын инфрақұрылымның бір бөлігі болады.

 

Бөлісу: