АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДАҒЫ ТАС ЖОЛ ВЕЛОСПОРТЫ БОЙЫНША ЖАРЫС ҚОРЫТЫНДЫСЫ

12.02.2026
«Астана» Олимпиадалық даярлау орталығының спортшылары 2026 жылғы 5–13 ақпан аралығында Сауд Арабиясы Корольдігінің Эль-Касим провинциясында өткен тас жолы велоспортынан Азия чемпионатында сәтті өнер көрсетті.
Орталық өкілдері сегіз медаль жиынтығы сарапқа салынған үш дисциплина бойынша бақ сынап, жарыс қорытындысы бойынша 9 жүлдеге қол жеткізді:

 Команда қоржынында:
4 алтын
4 күміс
1 қола медаль.

 Алтын медальдар:
Ташбай Анель - жеке және топтық жарыс (юниор қыздар);
Куйтенов Мурат - топтық жарыс (юниор ұлдар);
Қазақстан құрамасы (Ташбай Анель, Ивановская Ирина, Кабдулова Аружан, Куйтенов Мурат, Валиев Альмир, Новиков Глеб) - аралас командалық эстафета (юниорлар).

 Күміс медальдар:
Новиков Глеб - жеке жарыс (юниорлар);
Валиев Альмир - топтық жарыс (юниорлар);
Елькина Мария - жеке жарыс (U23);
Қазақстан құрамасы (Елькина Мария, Буренкова Ангелина) - аралас командалық эстафета (ересектер).

 Қола медаль:
Казакова Виолетта - топтық жарыс (U23).
Бапкерлер құрамы:
Аға жаттықтырушы - Горбачевский Вадим Николаевич;
Жаттықтырушы - Харисов Тимур Викторович;
Механиктер - Тупченко Денис Александрович және Стрелецкий Александр Викторович.

 Спортшылар мен мамандарды жоғары нәтижелерімен және Қазақстан құрамасының табысына қосқан зор үлестерімен құттықтаймыз!

Бөлісу: