ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДА КОМАНДАЛЫҚ ЭСТАФЕТАДА ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ

09.02.2026
Сауд Арабиясы Корольдігінде өтіп жатқан тас жолдағы велоспорттан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы командалық эстафетада сәтті өнер көрсетті.

Юниорлар арасындағы командалық эстафетада алтын медальді Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы жеңіп алды. Құрама сапында: Новиков Глеб, Күйтенов Мұрат, Валиев Альмир, Ташбай Анель, Ивановская Ирина, Қабдулова Аружан.

Ересектер құрамасы арасындағы командалық эстафетада күміс медальді Мария Елькина мен Ангелина Буренкова иеленді.

Бұл нәтиже спортшыларымыздың жоғары дайындық деңгейі мен үйлесімді командалық жұмысының айқын дәлелі болды. Азия чемпионатындағы жарқын өнер көрсетулерімен және лайықты жеңістерімен Қазақстан құрамасын құттықтаймыз!

Бөлісу: