АЗИЯ КУБОГІНДЕ СПОРТШЫЛАРЫМЫЗ АЛТЫННАН АЛҚА ТАҒЫНДЫ

13.02.2025

Бұл күндері Таиландтың Бангкок қаласында нысана көздеу спорты бойынша Азия кубогі өтіп жатыр. «Астана» олимпиадалық даярлау орталығының спортшылары өздерінің мықтылықтарын дәлелдеп, жүлдегер атануда.

Жасөспірімдер арасында командалық пневматикалық тапаншадан ату жаттығуы бойынша Цуканов Кирилл, Федькин Кирилл мен Ынтықбай Рамазан алтыннан алқа тағынды.

Жасөспірім қыздар арасында командалық пневматикалық тапаншадан ату жаттығуы бойынша Устинова Кристина, Алимбек Сәуле және Сейл Малика 2 орын иеленді.

Жасөспірімдер арасында жекелей сында 10 м. пневматикалық тапаншадан ату жаттығуы бойынша Цуканов Кирилл - 1 орынға, Федькин Кирилл - 3 орынға қол жеткізді. Спортшыларымызды құттықтаймыз!

Бөлісу: