МАУНТИНБАЙК БӨЛІМІНІҢ СПОРТШЫЛАРЫ АЛМАТЫДА МЕДИЦИНАЛЫҚ ТЕКСЕРІСТЕН ӨТІП ЖАТЫР

14.01.2025

Жарыстар алдында спортшылардың денсаулығын толықтай тексерістен өткізудің маңызы зор. 2025 жылдың 13-14 қаңтарында Алматы қаласында өтіп жатқан оқу-жаттығу жиындарының басты мақсаты да осы. Яғни, бұл күндері велошабандоздардың жай-күйі мен физикалық жүктемелерге дайындығы пысықталады. Тексеріс жұмыстары сайыс барысында аяқ астынан болатын жарақаттардың алдын алуға септеспек. Өйткені, мұндай мәселелер алда болатын жарыстарда спортшылардың денсаулығына кері әсерін тигізіп, нәтиже көрсеткішін төмендетуі әбден мүмкін.

Оқу-жаттығу жиынына қатысушылардың тізімі:

1. Ергешов Альдер

2. Чакилева Татьяна

3. Ли Юлия

4. Мамаева София

5. Рустем Дария

6. Лухманов Богдан

7. Китайгора Карина

Аға жаттықтырушы – Головащенко Артем.

Аталған іс-шаралар спортшылардың физикалық жағдайын бақылаудан бөлек, жаттығу бағдарламасына оң әсерін тигізері анық.

Бөлісу: