«САРЫАРҚА» ВЕЛОТРЕГІНДЕ PHYGITAL RIVALS ҰЛТТЫҚ ІРІКТЕУ ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ

13.03.2026

«САРЫАРҚА» ВЕЛОТРЕГІНДЕ PHYGITAL RIVALS ҰЛТТЫҚ ІРІКТЕУ ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ

13 наурыз күні Астанадағы «Сарыарқа» велотрегінің ойын аланыңда Phygital Rivals турнирінің «Болашақ ойындары – 2026» жарысына арналған ұлттық іріктеу кезеңі басталды.

Екі күн бойы командалар фиджитал-баскетбол форматында бақ сынайды. Бұл формат цифрлық ойынды және шынайы баскетбол алаңындағы ойынды біріктіреді. Осылайша киберспорт пен дәстүрлі спортты ұштастырып, жаңа әрі динамикалық спорт түрін қалыптастырады.

Бүгін жарыстың топтық кезеңі өтуде, ал 14 наурыз күні қатысушыларды плей-офф ойындары мен финал күтіп тұр. Оның қорытындысы бойынша турнир жеңімпазы анықталады.

Бөлісу: