Жаңалықтар
Юниорларымыз тас жолдағы велоспорттан Әлем чемпионатына қатысып жатыр
21-29 қыркүйек аралығында Швейцарияның Цюрих қаласында тас жол велоспортынан Әлем чемпионаты өтуде. Маңызды сайыс әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған үздік велошабандоздардың басын қосты. Олар жекелей сында, топтық жарыста, сондай-ақ, юниорлар мен әйел адамдар болып түрлі дисциплиналарда өзара бақ таластырады.
Байрақты бәсекеде ел намысын «Астана» олимпиадалық даярлау орталығының жаттықтырушылары мен механигінің жетекшілігімен 7 спортшы қорғайды:
1. Елькина Мария
2. Буренкова Ангелина
3. Удовыкина Екатерина
4. Подлужный Михаил
5. Бейсембай Мансур
6. Алик Батырхан
7. Чжан Кирилл.
Жаттықтырушылар құрамы:
1. Горбачевский В.Н. – аға жаттықтырушы
2. Келимбердин Т.Б. – жаттықтырушы
3. Тупченко Д.А. – механик.
Біздің юниорларымыз айдың 21-нен бастап 26-сына дейін жарыспақ. Сәттілік пен жүлделі орындар тілейміз!
Цюрих қаласындағы веложарыс өте тартысты өтіп жатқанын айта кету қажет. Ұйымдастырушылар сайысты одан әрі қызықты ету үшін қалалық және таулы аймақтарды қамтитын қызықты маршруттар дайындаған. Швейцарияның қаласы көркем табиғатымен тәнті етіп, қатысушыларға ерекше әсер қалдырары анық.