Жаңалықтар
АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
Азия чемпионатында жоғары нәтижеге қол жеткізген ұлттық велоспорт құрамасының жетістігіне орай арнайы шара ұйымдастырылды.
Қазақстанның Ұлттық велоспорт федерациясы спортшылар мен жаттықтырушыларға олардың қажырлы еңбегі, жоғары шеберлігі және спортқа деген адалдығы үшін ризашылығын білдірді.
Кездесу барысында «Астана» ОДО директорының орынбасары А.Б. Бектенова мен әдіскер М.Р. Сатликов-та назардан тыс қалмай, алғыс хаттармен марапатталды.
4–13 ақпан аралығында Сауд Арабиясында өткен велоспорттан Азия чемпионатының қорытындысы бойынша «Астана» Олимпиадалық даярлау орталығының спортшылары — Куйтенов Мурат, Ташбай Анель және Кабдулова Аружан, сондай-ақ аға жаттықтырушы Горбачевский Вадим Николаевич жоғары спорттық жетістіктері үшін марапатталды.