Шорт-тректен ҚР Чемпионатының жеңімпаздары анықталды

23.11.2018

Ағымдағы жылдың 18-21 қарашасы аралығында «Сарыарқа» республикалық велотрегінің мұз айдынында шорт-тректен Қазақстан Республикасының Чемпионаты өтті.

Аталмыш жасөспірімдер арасындағы жеке-топтық жарысына еліміздің түкпір-түкпірінен келген 200-ге жуық спортшы қатысты. Төрт күндік тартысты додада спортшылар өзара бақ сынасып, кім мықтыны анықтады.

Жалпыкомандалық есеп бойынша Қостанай облысы 1 орынды, Батыс Қазақстан облысы 2 орынды қанжығасына байлады. Ал Шығыс Қазақстан облысы 3 орынды місе тұтты.

Велосипед спортынан ОДО баспасөз қызметі


Бөлісу: