Орталық спортшысы стенд атудан Италиядағы жарыста 3 орынға ие болды

05.06.2024

«Астана» олимпиадалық даярлау орталығының спортшысы Асылхан Айсалбаев стенд атудан халықаралық сайыста юниорлар арасында командалық трап түрі бойынша 3 орынға ие болды. Италияның Тоди қаласындағы бәсекеде Қазақстан намысын Богдан Конченко мен Никита Моисеев те қорғап, жүлдегер атанды. 

Сайыс маусымның 5-і басталып, 10-на дейін жалғасады. Оған біздің орталықтың 12 спортшысы, аға жаттықтырушы мен 2 жаттықтырушы және массаж жасаушысы қатысып жатыр. Спортшыларға сәттілік тілейміз!

Бөлісу: