Қазақстанның Еңбек Ері Жақсылық Үшкемпіровты еске алуға арналған жасөспірімдер арасындағы U20 халықаралық турнирінің ашылуы

05.05.2022

Грек-рим күресінен Қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада және Әлем чемпионы, Қазақстанның Еңбек Ері Жақсылық Үшкемпіровті еске алуға арналған U20 жас арасындағы халықаралық турнирінің ашылу салтанаты өтті.

Турнирдің ашылу салтанатында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Тоғжанов Ералы Лұқпанұлы, Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министірі Абаев Дәурен Әскербекұлы, Азия күрес Федерациясы президенті, Қазақстан Республикасының грек-рим, еркін және әйелдер күресінен Федерациясының басшысы, қазақтың даңқты палуаны Дәулет Болатұлы Тұрлыханов, Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Джакенов Берік Оралұлы және "Хабар" агенттігінің басқарма төрағасы қатысты.

Бөлісу: