ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАРЫСТАРҒА ДАЙЫНДЫҚ

28.10.2024

28 қазаннан бастап Өзбекстанның Ташмор кентінде байдарка мен каноэде есуден халықаралық жарыстар алдындағы арнайы дене шынықтыру дайындығы бойынша оқу-жаттығу жиыны өтіп жатыр. Аталған жиынға Орталықтың жаттықтырушысы жетекшілік ететін спортшы қызымыз Мария Бровкова қатысуда.

Ташмордағы оқу-жаттығуда физикалық дайындық пен техникалық шеберліктерді арттыруға бағытталған әртүрлі жаттығулар өткізіледі.

Мұндай жиындар спорттық көрсеткіштерді жоғарылатып, командалық рухты көтеруге үйретеді, ең бастысы халықаралық сайыстар алдында бойдағы сенімділікті арттырады. Спорттық жиын 13 қарашаға дейін жалғасын таппақ. Сәттілік тілейміз!

 

Бөлісу: