TRACKMAN RAISON 2025 ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖАРЫСЫНА ҚОСЫЛЫҢЫЗ!

13.02.2025

15-16 ақпан күндері сіздерді TRACKMAN RAISON 2025 қайырымдылық жарысына қатысу үшін Астанадағы «Сарыарқа» велотрегінде күтеміз.

Бұл – велосипед спортын сүйетін қауымның басын қосып, қолдауды қажет ететін балаларға көмектесетін таптырмас мүмкіндік.

Іс-шараның мақсаты – ерекше қажеттіліктері бар балаларды қолдау және Velolegend бағдарламалары арқылы балалар велоспортын дамыту.

Қашан: 15-16 ақпан, 8:00-13:00

Қайда: Сарыарқа велотрегі, Астана қаласы

Қатысу құны: 10 000 тг

Велосипед жолындағы әрбір айналым – бұл үлкен жетістіктерді армандайтын балалардың бақытына қосқан үлесіңіз. Іс-шарадан түскен барлық қаражат бағдарламаларды дамытуға бағытталады.

Тіркеу ашық!

Айтулы шараға үлес қосу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз!

Бөлісу: