Жаңалықтар
КЕРЛИНГТЕН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЧЕМПИОНАТЫ ЖАЛҒАСУДА
КЕРЛИНГТЕН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЧЕМПИОНАТЫ ЖАЛҒАСУДА
Керлингтен Қазақстан Республикасының кезекті чемпионаты «Сарыарқа» спорт кешенінің мұз айдынында жалғасуда.
Бүгін аралас командалар арасындағы жарыстардың қорытындысы шығарылып, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау салтанаты өткізілді.
Чемпионат нәтижесі бойынша:
– Алтын медаль Астана қаласының;
– Күміс жүлде Қостанай облысының;
– Қола медаль Алматы облысының командасына берілді.
Марапаттау рәсіміне Қазақстан Республикасы Туризм және спорт вице-министрі Серік Маратұлы Жарасбаев қатысып, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтады.
Құттықтау сөзінде ол керлинг спортының елімізде жүйелі түрде дамып келе жатқанын атап өтіп, алдағы халықаралық додаларда табысты өнер көрсетуге сенім білдірді.