Футболдан «ELITA CUP» турнирі өтті

25.07.2024

Бүгін футболдан қызыққа толы, тартысты «ELITA CUP» турнирі өтті. Оған 2012-2013 жылы туған балалардан тұратын 8 команда қатысты. Жарыс арасында ұйымдастырушылар конкурстар ұйымдастырып, ұл-қыздарға сыйлықтар табыстады.

Соңында барлық қатысушылар марапатталып, жеңімпаздарға кубок, медальдар табысталды. Бұл турнир балалардың спорттық дағдыларын арттырып қана қоймай, оларға жаңа достар табуға және бәсекеге қабілетті болуға үйреткені сөзсіз.

Бөлісу: