Спортшы жолы: Андрей Чугай

24.07.2024

Андрей Чугай 2015 жылдан бері велоспортпен шұғылданады. 9 жыл ішінде жоғары жетістіктерге жеткен ол халықаралық дәрежедегі спорт шебері атанған, жастар арасында өткен Әлем чемпионатының қола жүлдегері, Азия ойындарының және ондаған турнирлерінің қатысушысы.

24 жастағы Андрей Париж Олимпиадасына қатысуға 2 лицензия жеңіп алған. Айта кетсек, Франция астанасында алғаш рет өнер көрсетеді.

Қазір спортшы Олимпиада ойындарына тынымсыз дайындалуда. Жеңіске жетуге ниетті.

Бөлісу: