Жаңалықтар
ҚР ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІНЕ ОРАЙ ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАДАН БІРІНШІЛІК ӨТЕДІ
Елордада 2024 жылғы 7 желтоқсан күні «Qazaqstan» спорт кешенінде жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында жеңіл атлетикадан біріншілік өтеді. Бұл шара мемлекетіміздің басты мерекесі - Тәуелсіздік күніне арналған, сондай-ақ салауатты өмір салтын насихаттауға, бұқаралық спортты дамытуға және перспективалы спортшыларды анықтауға бағытталған.
Іс-шараның мақсаты:
- Астанада жеңіл атлетика мәдениетін дамыту;
- жас атлеттердің дайындық деңгейін арттыру;
- денсаулықты нығайтуға ықпал ететін спорттық атмосфераны құру.
Айтулы додаға қатысушылар екі жас тобына бөлінеді:
- 2014-2015 жылы туған жасөспірімдер: 30 және 150 метрге жүгіру, медбол лақтыру (1 кг), бес аттап секіру бойынша;
- 2012-2013 жылы туған жасөспірімдер: 50 және 600 метрге жүгіру, ұзындыққа секіру, 4х200 метр Mix эстафетасы бойынша бақтарын сынамақ.
Жылды қорытындылайтын айтулы сайысқа Астананың спорт мектептері мен мекемелерінің атынан жас спортшылар қатысады. Жарысты «Астана» Олимпиадалық даярлау орталығының және №9 Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушылары дайындап, өткізеді.
Жарыстың бас төрешісі - Қ. Зейноллаев, бас хатшысы - А. Қырықпай.
Мерекелік шара салтанатты ашылу шеруімен сағат 9:00-де басталады.
Бағдарламаның негізгі кезеңдері:
- 09:20 - 30 метрге жүгіру (жүгіру және финал);
- 09:50 - ұзындыққа секіру (бестік);
- 10:20 – медбол лақтыру;
- 10:30 - 150 метрге жүгіру.
Кіші топ жеңімпаздарын марапаттау сағат 11:00–де, ал үлкендерді марапаттау сағат 14:10-да өтетін болады.
Жүлделі орындарға ие болған қатысушылар жанкүйерлердің қолдауына ие болып, медальдар мен дипломдармен марапатталады.
Қосымша ақпарат алу үшін төмендегі телефон нөмірлеріне хабарласуға болады:
+7 (705) 602 21 29 (Роман Валие)
+7 (776) 661 32 93 (Құдайберген Зейноллаев).
Бұл біріншілік жас жеңіл атлеттер үшін маңызды кезең болып қана қоймай, сонымен қатар Астана тұрғындары үшін спорт әлеміне еніп, жарыс атмосферасын тамашалауға керемет мүмкіндік болмақ.