«СПОРТ ЖАЙЛЫ 5 ДЕРЕК» АЙДАРЫ: БОКС

22.01.2025

  1. Шығу тарихы – Бокстың шығу тарихы Грекия елінен басталған. Ежелгі уақытта жауынгерлер аренада қолдарымен белгілі бір ереже бойынша бақ таластырған.
  2. Бокс физикалық күштен бөлек, стратегиялық ойлауды да қажет етеді. Мықты, білікті боксшы жасайтын әрбір қимылын алдын ала ойластырып, әрекет етеді.
  3. Шыдамдылыққа үйретеді. Бокспен шұғылданатын адам ішкі төзімділікке үйренеді. Әр жекпе-жек сайын қарсыласын ғана емес, өзімен, өзінің күмәнімен, қорқынышымен жеңеді. Бір ауыз сөзбен айтқанда ьокс мінезді қалыптастырады және жеңіске деген ерік-жігерді дамытады.
  4. Жекпе – жек формасы – Бокс әртүрлі салмақ дәрежесінде өткізіледі, бұл спортшыларға салмағы мен күшінің айырмашылығына қарамастан тең дәрежеде бәсекеге түсуге мүмкіндік береді.
  5. Физикалық дайындық – Бокс - ең ауыр спорт түрлерінің бірі. Ол төзімділікті, күшті, ептілікті және үйлестіруді дамытады және жүрек-қан тамырлары жүйесін жақсартуға көмектеседі.

Бізге келіп, бокспен шұғылдануға шақырамыз!

Күш-қуатыңызды, төзімділігіңізді, бойдағы сенімділігіңізді бізбен бірге дамытыңыз!

Байланыс телефондары:

+7 (775) 313-13-17

+7 777 263 34 44.

Бөлісу: