«ЖЫЛ ЖЕТІСТІГІ» АЙДАРЫ: ТАСЖОЛ ВЕЛОСПОРТЫ

26.12.2024

2024 жылдың 5-7 наурызы аралығында тасжол велоспорты бөлімінің спортшылары Өзбекстан елінің Газалкент қаласында өткен халықаралық жарысқа қатысты. Сайыс қорытындысы бойынша Евгения Заам үздік нәтиже көрсетіп, бірінші орынды қанжығасына байлады, ал Ангелина Буренкова күміс медаль алды.

Испаниядағы жарыста орталық спортшысы Бейсембай Мансұр өзінің шеберлігі мен табандылығын көрсетіп, екінші орын алды.

Сонымен қатар, сәуірдің 28-і мен 30-ы күндері Ресей Федерациясының Майкоп қаласында біздің спортшыларымыз өздерінің мықтылықтарын көрсетті. Мұрат Куйтенов ең мықты велошабандоздардың бірі екенін тағы бір мәрте дәлелдеп, алтын және қола медальды жеңіп алды. Азаматұлы Файзолла күміс, қола жүлделерді қанжығасына байлап, қоржынды толықтырды.

Бұл жетістіктер құраманың абыройын арттырып, жаңа белестерді бағындыруға шабыт сыйлайды деген үміттеміз!

Бөлісу: