«БІЗДІҢ ЧЕМПИОН» рубрикасы: Аружан Рахмжан

24.07.2024

Спорттың кез келген түрі адам ағзасы үшін пайдалы. Алайда, велоспорттың артықшылықтары басым екенін айта кету қажет. Велосипед тебу арқылы көптеген аурулардың алдын алып, денсаулықты нығайтуға болады. Мысалы, адам жаттығу барысында арқылы алыс аймақты бақылайтындықтан, көздің көруі жақсарады. Жүрек бұлшық еті белсенді жұмыс істеп, ағзаға көп оттегі түседі. Бұдан бөлек, велоспорт ойлау қабілетін жақсартып, жүйке жүйесінің қызметін реттейді.

«Астана» олимпиадалық даярлау орталығының спортшысы Аружан Рахмжан велоспортқа 15 жасынан бастап қатысады. Осы уақытқа дейін ауыз толтырып айтарлықтай жетістіктерге жеткен. Атап өтсек, Үндістанда өткен Азия чемпионатында командалық жарыстан күміс жүлдеге ие болды. 2024 жылы Азия чемпионатының 2 дүркін жеңімпазы атанып, алтын медаль алды. Осы жылы шоссе түрінен ұлттық чемпион болған.

Талапты да талантты спортшы қызымыз қазір 28 шілде өтетін Ұлттық чемпионатқа дайындық үстінде. Аружанға сәттілік тілеп, қолдау білдірейік!

Бөлісу: