Жаңалықтар
«БІЗДІҢ ЖАТТЫҚТЫРУШЫ» АЙДАРЫ: АНДРЕЙ СИМАКОВИЧ
«Біздің жаттықтырушы» айдарының кезекті шығарылымы мәнерлеп сырғанаудан жаттықтырушы Андрей Симаковичке арналмақ.
Ол 18 жылдан астам уақыт бойы жаттықтырушылық қызметпен айналысады. Осы уақытқа дейін спорт шеберлері мен спорт шеберіне үміткерлерді дайындап шығарған. Андрей – өз жұмысына асқан ұқыптылықпен қарап, жастарға бар білімін үйретуден жалықпайтын, өмірін мәнерлеп сырғанауға арнаған кәсіби маман. Жаттығу барысында физикалық белсенділіктен бөлек, бойдағы сенімділікті арттырып, тұрақтылық пен табандылық қасиеттерін шыңдауға ерекше көңіл бөледі.
«Балалардың мәнерлеп сырғанауда үздік нәтижеге қол жеткізулеріне осы салада биік шыңдарды бағындырған спортшылардың өнерін тамашалау септігін тигізеді. Ең бастысы – көп жаттығып, еңбектену керек», - деді жаттықтырушы.
Андрей Симакович секцияға қатысушылардың әрқайсысына жекелей көңіл бөледі. Қимылдары мен икемділіктеріне қарай жаттығу жүргізіп, білгенін үйретуден жалықпайды. Балаларға көрсететін қолдауы мен үйретіп жүрген білімінің нәтижесінде шәкірттері жарыстарда жетістіктерге жетуде.