«БІЗДІҢ ЖАТТЫҚТЫРУШЫ» рубрикасы Светлана Тарасова

18.07.2024

Трек велоспортының аға жаттықтырушысы Светлана Тарасова велоспортпен 6 жыл шұғылданған. Спорт шебері атанып, Кеңес Одағының чемпионы болды. Алматы қаласындағы дене шынықтыру институтын аяқтағаннан кейін жаттықтырушы қызметіне ауысқан. «Астана» олимпиадалық даярлау орталығындағы 12 жыл ішінде 17 Азия чемпионы мен 20-ға жуық Азия Кубогының жүлдегері мен жеңімпаздарын дайындады. Айтуынша, велоспортта үздік атану үшін тәртіп пен жеңіске деген ұмтылыс керек. Трек велоспортының тас жол және тау велосипедінен ерекшілігі – жабық тас жолда ұйымдастырылуында, қашықтықтардың қысқалығында. Сонымен қатар, велоспорттың бұл түрі күш, жылдамдық пен төзімділікті қажет етеді.

Бөлісу: