ВЕЛОТРЕКТЕН ҚЫРҒЫЗСТАНДАҒЫ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНДАРЫ

12.12.2024

2024 жылғы 7-24 желтоқсан аралығында Қырғызстан елінің Чолпон-Ата қаласында велотрек (трек-темп) бөлімшесінің юниорлары мен юниор қыздары арнайы дене шынықтыру дайындығы бойынша оқу-жаттығу жиынынан өтуде. Іс-шараның түпкі мақсаты – халықаралық жарыстарға дайындық барысында спортшылардың физикалық белсенділігін арттырып, төзімділік, бәсекелестік қабілеттерін дамыту және күшті арттыру.

Қазіргі таңда велошабандоздар тынбай жаттығып, алдағы халықаралық сайыстарда биік еліміздің көк байрағын желбіретуді мақсат тұтып отыр.

Айта кеткен жөн, оқу-жаттығу жиынына біздің орталықтан 16 спортшы қатысуда. Жетекшілік ететін жаттықтырушылар:

  1. Клеванов Никита – жаттықтырушы (юниорлар бойынша)
  2. Тарасова Светлана – аға жаттықтырушы (юниор қыздар бойынша)

Жаттықтырушылар құрамының еңбегін атап өткен жөн. Мамандар жоғары нәтижеге қол жеткізу үшін әр спортшының ыңғайына қарай жекелей көңіл бөлуде. 

Бөлісу: