«Астана» олимпиадалық даярлау орталығының қызметкерлері Президент Жолдауын тыңдады

02.09.2024

«Астана» олимпиадалық даярлау орталығының қызметкерлері Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың кезекті Жолдауын ден қойып тыңдады. Мемлекет басшысы өз сөзінде ел дамуының алдағы жылдарға арналған негізгі бағыттарын айқындап, басталған экономикалық және саяси реформаларды жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.

Әлеуметтік-экономикалық мәселелерге ерекше назар аударылды. Президент халықтың табысын арттыру және азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту қажеттігін атап өтті, сондай-ақ әлеуметтік саланы қаржыландыруды ұлғайтуға және инфрақұрылымдық жобаларды дамытуға бағытталған жаңа бастамалар туралы құлағдар етті.

Қасым-Жомарт Тоқаев білім беру, денсаулық сақтау және адам құқықтарын қорғау саласындағы реформалардың маңыздылығын да атады. Ол соңғы жылдары еліміз саяси жүйені нығайтуда айтарлықтай жоғары нәтижелерге жеткенін мәлімдеді, бұл мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруға және билік тармақтары арасындағы тепе-теңдікті қамтамасыз етуге мүмкіндік бергенін айтты.

Орталық қызметкерлері үшін Жолдау алға қарай жылжып, талмай еңбектенуге ынта бергендей болды. Өйткені, мемлекет басшысы мамандардың қызметіне тікелей қатысты салауатты өмір салты мен спорттық тәрбиенің маңыздылығына баса назар аударды.

Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы саясат деңгейінде ғана емес, барша халық үшін маңызды үндеу болып табылады. Кемел болашағымыздың жарқын болуына әсер ететін мақсаттар айқындалған Жолдаудың берері мол.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын www.akorda.kz ресми сайтынан толықтай оқи аласыздар.

 

Бөлісу: