«САРЫАРҚА» ВЕЛОТРЕГІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА СЕНБІЛІККЕ ҚАТЫСТЫ

25.04.2026

«САРЫАРҚА» ВЕЛОТРЕГІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА СЕНБІЛІККЕ ҚАТЫСТЫ

«Таза Қазақстан», «Таза қала» экологиялық акциясы аясында «Сарыарқа» республикалық велотрегінің қызметкерлері жалпықалалық сенбілікке белсене қатысты.

Іс-шара барысында олар велотрек аумағы мен оған жақын орналасқан қоғамдық орындарды қоқыстан тазартып, көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарына атсалысты. 

Мұндай игі бастамалар қоршаған ортаны қорғауға, қала тазалығын сақтауға және экологиялық мәдениетті қалыптастыруға үлкен үлес қосады.

Бөлісу: