Спортшы жолы: Александра Ле

01.07.2024

Ұлттық құрама сапынан Париж Олимпиадасына лицензия жеңіп алған спортшының бірі – оқ ату спортының өкілі Александра Ле. Отандасымыз Джакартада (Индонезия) өткен оқ атудан лицензиялық Азия чемпионатында Олимпиада жолдамасын жеңіп алды. 50 метрден пневматикалық винтовкадан оқ ату жарысының финалында Александра Ле жетінші орынға табан тіреп, құрама қоржынына кезекті Олимпиада лицензиясын салды.

Александра Ле кәсіби спортпен 2017 жылдан бері айналысып келеді. Осы уақыт ішінде ауыз толтырып айтарлықтай жетістіктерге жетті. Жаттықтырушыларының жетекшілігімен кәсіби дағдыларын жетілдіріп, ұлттық және халықаралық жарыстарда жоғары нәтижелер көрсетті. Мансабының қысқа мерзімінде Александра көптеген медальдар мен атақтарға ие болды, бұл оның таланты мен табандылығын дәлелдейді.

Айта кетейік, Александра Олимпиада ойындарына алғаш рет қатыспақшы. Сол үшін қазір бар уақытын дайындыққа арнап, қарқынды түрде жаттығуда.

Бөлісу: