Жаңалықтар
МАУНТИНБАЙК СПОРТШЫЛАРЫ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНА ДАЙЫНДАЛУДА
МАУНТИНБАЙК СПОРТШЫЛАРЫ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНА ДАЙЫНДАЛУДА
21 ақпан мен 10 наурыз аралығында Чолпон-Ата қаласында (Қырғыз Республикасы) маунтинбайк бөлімінің юниорлар мен жасөспірім спортшылары Азия чемпионатына даярлық аясында арнайы дене даярлығы бойынша оқу-жаттығу жиынын өткізуде.
Жиынға «Астана» олимпиадалық даярлау орталығынан 7 спортшы қатысуда. Спортшылардың дайындығы аға жаттықтырушы Аканов Т.К.-ның бақылауында. Ал велоспортшылардың техникалық дайындығы мен велосипедтердің жарысқа әзірлігіне механик Осипов Сергей жауапты.
Спортшылар тізімі:
1. Ким Климентий
2. Джимма Иван
3. Григорьев Иван
4. Лухманов Богдан
5. Рустем Дария
6. Мамаева София
7. Бундина Софья
Оқу-жаттығу жиынының басты мақсаты – алдағы Азия чемпионатында жоғары нәтижеге қол жеткізу және халықаралық додада ел намысын абыроймен қорғау. Спортшылардың дайындығы жоспарға сәйкес қарқынды түрде жалғасуда