ВЕЛОТРЕКТЕН АҒА ЖАТТЫҚТЫРУШЫ ЖЫЛДЫҚ ЕСЕП БЕРДІ

15.11.2024

Бүгін «Сарыарқа» республикалық велотрегінің мәжіліс залында «Астана» олимпиадалық даярлау орталығының велотректен аға жаттықтырушысы Иван Сиваш жылды қорытындылап, 2025 жылға қойылған жоспарларымен бөлісті.

Өзінің есебінде спортшылардың және жаттықтырушылар құрамының тынымсыз еңбегінің нәтижесінде жеткен жетістіктерін тілге тиек етті. Иван Сиваш осы жылы орталық велошабандоздарының Әлем, Қазақстан Республикасы чемпионаттарында, халықаралық турнирлерде көрсеткіштері жақсарып, үздік нәтиже байқалғанын айтты.

Дегенмен, велоспортшылар мұнымен тоқтап қалмақ емес. Аға жаттықтырушы жұмыстың енді басталғанын, алда бағындырар белестердің, қойылған мақсаттардың көп екенін атап өтті.

 

Бөлісу: