Велоспорттан ҚР ұлттық чемпионаты басталды

05.07.2024

Жарыстар UCI халықаралық ережелеріне және Қазақстан Республикасының жарыс ережелеріне сәйкес өткізіледі. Төрешілер алқасы командалардың өкілдерімен бірге төрешілер алқасының отырысында жарияланған қатысушылардың тізімін нақтылағаннан кейін жарыс бағдарламасына және спортшыларды іс-шаралар бойынша қабылдауға өзгерістер енгізуге құқылы.

Жарысқа 13 команда қатысуда, оның ішінде 68 қатысушы: 36 ер және 32 әйел адам.

Ерлер мен әйелдер арасындағы Қазақстан Республикасының ұлттық чемпионаты 7 шілдеге дейін жалғасады.

Қатысушыларға сәттілік тілейміз!

Бөлісу: