Жаңалықтар
МЕРГЕНДЕРІМІЗ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРДЕ БАҚ СЫНАУДА
Садақ ату – физикалық белсенділікті арттырып, адам ағзасына мол пайдасын тигізетін қызықты спорт түрлерінің бірі. Бұл арқылы көз, қол, иық, арқа және білек бұлшық еттерінің қызметін жақсартуға болады. Жиі жаттығу адамның жалпы жай-күйіне оң әсерін тигізеді.
1-7 қараша аралығында Өзбекстанның Самарқанд қаласында садақ атудан халықаралық турнир өтіп жатыр. Байрақты бәсекеде «Астана» олимпиадалық даярлау орталығының екі жаттықтырушысы жетекшілік ететін 6 спортшы ел намысын қорғауда.
Қатысушылардың тізімі:
1. Джубаев Жантемис
2. Ким Дмитрий
3. Бекметова Мадина
4. Алимбаев Мансур
5. Жақып Мерей
6. Умурзакова Жанель
7. Бузауов Мурат – аға жаттықтырушы
8. Карабаев Рустам – жаттықтырушы.
Спортшыларымызға турнирде сәттілік пен жеңіс тілейміз!