ВЕЛОШАБАНДОЗДАР АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНА ДАЙЫНДЫҚ ҮСТІНДЕ

15.01.2025

10-27 қаңтар аралығында «Астана» олимпиадалық даярлау орталығы велотрек бөлімшесінің спортшылары Түркия елінің Алания қаласында Азия чемпионатына дайындық мақсатында оқу-жаттығу жиынына қатысып жатыр. Аталған іс-шарада 12 спортшы, аға жаттықтырушы, жаттықтырушы, массаж жасаушы мен механик спорттық нәтижелерді арттыру жолында еңбектенуде.

Бұл жаттығу процесі велошабандоздарды маңызды жарыстарға дайындауда шешуші рөл атқаратынын айта кету қажет. Әсіресе, Алания қаласында спортшылардың қарқынды түрде жаттығып, физикалық белсенділігін арттырып, сонымен қатар біліктілік деңгейлерін жоғарылатуға керекті қолайлы жағдайлар жасалған. Мұның барлығы алда өтетін Азия чемпионатында үздік нәтижелерге қол жеткізуге септеспек.

Спортшылардың талпынысы, төккен тері мен кәсіби шеберліктері биік мінбелерге шығарып, еліміздің көк байрағын асқақтатады деген сенімдеміз! Сәттілік тілейміз!

 

Бөлісу: