Жаңалықтар
ВЕЛОШАБАНДОЗДАРДЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАРЫСТАРҒА ДАЙЫНДЫҒЫ
18.12.2024
12-29 желтоқсан аралығында Қырғызстан Республикасының Чолпон-Ата қаласында халықаралық жарыстар алдындағы арнайы дене шынықтыру дайындығы бойынша велотректен оқу-жаттығу жиындары өтіп жатыр. Аталған іс-шарада «Астана» олимпиадалық даярлау орталығы трек-спринт бөлімшесінің 6 юниоры мен юниор қыздары қатысуда.
Жаттығу жиындары аясында спортшылар халықаралық турнирлерге дайындалып, төзімділіктері мен физикалық белсенділіктерін арттыратын болады. Оқу велошабандоздардың нәтижелерін жоғарылатып, спорттық мансаптарында жаңа белестерді бағындыруға септесері сөзсіз.
Базарбеков Диас, Шемет Аркадий, Журавский Данил, Петухова Анна, Наливайко Анастасия және Куварин Ильяға сәттілік пен алдағы жарыстарда жеңіс тілейміз!