САДАҚ АТУ СПОРТЫНЫҢ ЖАТТЫҚТЫРУШЫЛАРЫ 2024 ЖЫЛДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ

25.11.2024
Бүгін «Сарыарқа»  республикалық велотрегінің мәжіліс залында маңызды кездесу өтті. Садақ ату спортының жаттықтырушылары 2024 жылы атқарған жұмыстарын қорытындылады. Өз ісінің шебері, сондай-ақ жастар, жеткіншектер және жасөспірімдермен жұмыс істейтін садақ ату бойынша аға жаттықтырушы Мұрат Сансызбайұлы Бузауов өзінің жетістіктерімен және жасаған жұмыстарының қорытындыларымен бөлісті.

Бұл кездесуде спорттық іс-шараларды жоспарлау мен қаржыландыруға қатысты мәселелер талқыланып, келесі жылға арналған күнтізбе қарастырылды.

Бөлісу: