Жаңалықтар
АЛАНИЯДАҒЫ ОЖЖ: АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНА ДАЙЫНДЫҚ
Ағымдағы жылдың 24 қаңтарынан бастап Түркия мемлекетінің Алания қаласында велоспорттан (шоссе) Азия чемпионатына дайындау бойынша оқу-жаттығу жиыны өтіп жатыр. Аталған іс-шарада білікті жаттықтырушы Брусенская В.А жетекшілік ететін 9 спортшы (жастар, юниор қыздар) және механик Туребеков Н.С шеберліктерін арттыруда.
Қатысушылар тізімі:
1. Казакова Виолетта
2. Батырбекова Бота
3. Заам Евгения
4. Склярова Елизавета
5. Елькина Мария
6. Буренкова Ангелина
7. Әділбек Дамиля
8. Венглинская Алина
9. Проскурина Анна.
Жаттығу жиынының мақсат-міндеттері:
- Бар назарды, күш-жігерді алда болатын Азия чемпионатына бағыттап, дайындықты күшейту.
- Таудағы күштік жұмыс жиынтығы.
- Жылдамдық көрсеткіштерін арттыру.
ОЖЖ 4 ақпанға дейін жалғасады. Аланиядағы оқу-жаттығу жиындары спортшыларды физикалық тұрғыда шыңдап, Азия чемпионатында жоғары нәтижелерге қол жеткізу үшін айтарлықтай пайдасын тигізеді. Таулы жерлерде жаттығу төзімділік пен күштің артуына септесіп, экстремалды жағдайларда жол тауып, кез келген қиындықпен күресуге үйретеді.
Брусенская В. А. сияқты тәжірибесі мол жаттықтырушы мен механик Туребековтың Н.С-тың қолдауы, айтатын ақыл-кеңестері және ұсыныстары спортшылардың нәтижесін айтарлықтай жақсартары сөзсіз.