«Сарыарқа» велотрегінде триатлоннан оқу-жаттығу жиындары өтуде

22.09.2024

22 қыркүйек пен 9 қазан аралығында қаламызда триатлоннан спортшылар мен спортсүйер қауымның басын қосқан оқу-жаттығу жиындары өтіп жатыр. Аталған шара дене шынықтыруды дамытуға, жүзу техникасын, веложарыс пен жүгіру дағдыларын пысықтауға, сондай-ақ жалпы төзімділікті арттыруға бағытталған.

Жиындарда тәжірибелі жаттықтырушылар жетекшілік етеді, яғни қатысушылардың тәжірибе алмасып, көптеген пайдалы кеңестер алуларына мүмкіндік бар. Айта кету қажет, спортшылардың қарқынды жаттығу жасауы үшін тиісті жағдайдың барлығы жасалған. Кез келгені шеберлігін арттырып, алдағы жарыстарға мықтап дайындала алады. Оқу-жаттығу жиындарында «Астана» олимпиадалық даярлау орталығының 12 спортшысы қатысып жатыр.

Спорттық шара физикалық белсенділіктен бөлек, қатысушылардың арасындағы достық қарым-қатынасты арттыруға да ықпал етері сөзсіз. Біз қатысушылардың триатлонда үздік нәтижеге қол жеткізулері үшін қажетті күш-қуат пен мотивацияға ие болатындарына сенімдіміз. Барлығына сәттілік пен нәтижелі жаттығулар тілейміз!

Бөлісу: