Жаңалықтар
ВЕЛОТРЕКТЕГІ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНДАРЫ
05.11.2024
25 қазан мен 11 қараша аралығында «Сарыарқа» республикалық велотрегінде Азия чемпионаты алдындағы арнайы дене шынықтыру дайындығы бойынша оқу-жаттығу жиындары өтіп жатыр. Велоспорт (трек-темп) бөлімшесінің 10 юниор қызы күш-қуаттары мен төзімділіктерін, техникалық-тактикалық дайындықтарын күшейтуге септігін тигізетін жаттығулар жасауда.
Сонымен қатар, қарашаның 1-і мен 16-сы күндері велотректе юниорлар халықаралық сайыстарға дайындалып жатыр.
Азия чемпионаты және халықаралық жарыстар алдындағы оқу-жаттығу жиындары спортшылардың физикалық, техникалық және психологиялық дайындықтарын шыңдап, халықаралық аренада Қазақстанның намысын абыроймен қорғап, көк байрағымызды асқақтатуға жетелейді. Сәттілік тілейміз!