Жаңалықтар
ВЕЛОСПОРТШЫЛАР ИСПАНИЯДА АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНА ДАЙЫНДЫҚТАРЫН ПЫСЫҚТАУДА
16.01.2025
5 қаңтардан бастап Испанияның Ла-Нусия қаласында тасжолдағы велоспорттан Азия чемпионаты алдындағы оқу-жаттығу жиыны өтуде. Аталған спорттық іс-шараға «Астана» олимпиадалық даярлау орталығының аға жаттықтырушысы В.Н. Горбачевский жетекшілік ететін алты юниор қатысып жатыр, механик - Д.А. Тупченко.
Спортшылар тізімі:
- Валиев Альмир – Шымкент қаласы
- Азаматулы Файзолла – Алматы облысы
- Махсутов Руслан – Алматы қаласы
- Чжан Кирилл – Жетісу облысы
- Куйтенов Мурат – Астана қаласы
- Риве Кирилл – Астана қаласы
Оқу-жаттығу жиынының негізгі мақсат-міндеттері:
- Азия чемпионына физикалық, психологиялық дайындық.
- Таудағы күш жаттығулары мен таудан төмен түсу техникаларын шыңдау.
- Жылдамдықты арттыру.
- Жалпы және күш километражын күшейту.
Іс-шара 22 қаңтарға дейін жалғасады. Велошабандоздар жиында біліктіліктерін шыңдап, алдағы жарыста жоғары нәтиже көрсетеді деген сенімдеміз.