АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДА МАУНТИНБАЙК БӨЛІМІНІҢ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ БАСТАЛДЫ

20.02.2026

19–20 ақпан күндері Алматы қаласында, Ұлттық спорттық медицина және оңалту орталығында маунтинбайк (юниорлар, жасөспірімдер) бөлімінің спортшыларының қатысуымен спортшылардың жай-күйін тексеруге бағытталған оқу-жаттығу жиыны өтуде.

Жиын барысында спортшылар кешенді медициналық тексеруден өтіп, алдағы жарыстарға дайындық деңгейі бағалануда.

Оқу-жаттығу жиынына келесі құрам қатысуда:
1. Ким Климентий
2. Зинченко Регина
3. Джимма Иван
4. Григорьев Иван
5. Рустем Дария
6. Мамаева София
7. Бундина Софья

Аға жаттықтырушы - Аканов Тыныс.

Спортшыларға сәтті дайындық пен жоғары нәтижелер тілейміз!

Бөлісу: