АСТАНАДА КЕРЛИНГТЕН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

19.02.2026
2026 жылғы 15–28 ақпан аралығында Астана қаласында олимпиадалық және сурдлимпиадалық керлингтен Қазақстан Республикасының чемпионаты өтуде.

Жарыс ерлер, әйелдер, аралас жұптар және аралас командалар арасында ұйымдастырылып отыр. Биыл чемпионатқа еліміздің 9 өңірінен 120-дан астам спортшы қатысуда.

Чемпионат ұлттық құрама сапын жасақтау және халықаралық жарыстарға іріктеу мақсатында өтіп жатыр.

Жарыс барысын бірге бақылап, спортшыларға қолдау көрсетейік!

Бөлісу: