Астанада велоспорттан Қазақстан Республикасының ұлттық Чемпионаты өтіп жатыр

30.07.2024

29 шілдеден 2 тамызға дейін «Сарыарқа» республикалық велотрегінде велоспорттан Қазақстан Республикасының Ұлттық чемпионаты өтіп жатыр. Юниорлар мен юниор қыздар велосипед спортының спринттік және темптік түрлері бойынша жарысуда.

Ел біріншілігі UCI халықаралық ережелеріне және Қазақстан Республикасының жарыс ережелеріне сәйкес өткізіледі. Аталған чемпионатта Ақмола, Алматы, Жетісу, Павлодар, Жамбыл, Қызылорда, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облысы және Астана қаласының 120-дан астам спортшысы қатысып жатыр.

Спортшыларға сәттілік пен жеңіс тілейміз!

Бөлісу: