ҚЫРҒЫЗСТАНДА ТАС ЖОЛЫ ВЕЛОСПОРТЫ БОЙЫНША ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ БАСТАЛДЫ

16.02.2026
2026 жылғы 15 ақпан мен 4 наурыз аралығында Қырғызстанның Шолпан-Ата қаласында юниорлар мен юниор қыздар арасында (трек-темп) велотрек бойынша оқу-жаттығу жиыны өтуде. Жиын алдағы Азия чемпионатына мақсатты дайындық аясында ұйымдастырылды.

Оқу-жаттығу жиынының ұзақтығы – 18 күн. Дайындық бағдарламасы спортшылардың жалпы дене дайындығын арттыруға, жалпы жүріс қашықтығын көбейтуге, сондай-ақ орта таулы аймақ жағдайында төзімділікті дамытуға бағытталған.

Оқу-жаттығу жиынына Қазақстанның әртүрлі өңірлерінен 12 спортшы қатысуда. Дайындық жұмыстарын бапкерлер құрамы жүргізуде: Клеванов Н.С., Купешов Б.А., Грищенко О.В.

Спортшыларға сәтті дайындық пен алдағы жарыстарда жоғары нәтижелер тілейміз!

Бөлісу: