ВЕЛОШАБАНДОЗДАР АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНА ДАЙЫНДАЛУДА

10.01.2025

Өткізу орны: Алания, Түркия

Оқу-жаттығу жиынының уақыты: 06-23.01.2025ж.

Спорттық іс-шараның ұзақтығы: 18 күн

Жас категориясы: юниорлар және жастар

Оқу-жаттығу жиынының мақсаты мен міндеттері:

  • Азия чемпионатына қызу дайындық. Алдағы чемпионатта жоғары нәтижеге қол жеткізу үшін жаттығу процесінің барлық кезеңдерінде спортшыларды даярлау.
  • Жоспарлы дайындық. Спорттық шеберлікті арттырып, биік шыңдарды бағындыру үшін төзімділікті, күш пен жылдамдықты дамытуға бағытталған белсенді жаттығулар.
  • Жалпы жүгіріс жиынтығы. Фитнесті жақсарту және қажетті дайындық деңгейіне жету үшін белгілі бір қашықтықты еңсеру.
  • Топпен психологиялық жұмыс. Спортшылардың моральдық жағдайын қолдау, командалық рухты дамыту және жеңіске деген көзқарас.

Оқу-жаттығу жиынына қатысушылардың тізімі:

1.      Казакова Виолетта – Шымкент қаласы

2.      Батырбекова Бота – Жетісу облысы

3.      Заам Евгения – Жетісу облысы

4.      Елькина Мария – Алматы облысы

5.      Буренкова Ангелина – Жамбыл облысы

6.      Әділбек Дамиля – Астана қаласы

7.      Венглинская Алина – Астана қаласы

8.      Проскурина Анна – Қызылорда облысы

Жаттықтырушылар құрамы мен мамандар:

1.      Брусенская В.А. – жаттықтырушы

2.      Туребеков Н.С. – механик

Жаттығу жиынына қатысушылар толық қайтарыммен жаттығады, ал жаттықтырушылар құрамы барлық спортшының жетістікке жетуі үшін аянбай тер төгеді. Мұның барлығы велошабандоздарымыздың алдағы Азия чемпионатында қоржынды жаңа медальдармен толтыруларына септесері сөзсіз.

Бөлісу: